lat: JARA
ет. 1. Бір істі істеуге шамасы жету, қажеттілікті өтеу .
Көз салдым өмір тереңіне,
Құлашым жетсе дүние көлеміне.
Әлпештеп мені өсірген – Ұлы Отан,
Жарасам сол Отанның керегіне (1,13).
Тыңда, балам! Тыңда, күнім!
Болуға жара қолқанат.
Кәрі апаң, сәби інің – Барлығы саған аманат! (1,18).
2. Бураның күйіне келіп, келеге түсуі .
Қарт аяз – жараған ақ бура Айқара шудасын жапты да,
Құлай кеп қисайды.
Кім білсін, Горкадан тыныштық тапты ма? (1,129).
3. Дұрыс (жөнді, орынды) болу, д.м .
Орақ мұрын, қыр маңдай,
Маңғаз жігіт жүр бүгін.
Өзі ұстап тұрғандай Туған жердің түндігін. Сақтап қалса, жарады ,
Азаматтың тірлігін,
Сәби шақтың бірлігін (1,211).
Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз.
Мына думан өмірге сыя алмаймыз.
Бос қиялмен өтпесек жарар еді,
Көктемеген егінді жия алмай біз (2,82).