Дайын болған тұтқыр ботқаны 60 °С температураға дейін салқындатып, оған шикі жұмыртқа, қант, кейде мейіз, өрік және ванилин қосуға да болады. Осы массаны араластырып маймен беті сыланған және кепкен нан ұнтақтары себілген темір бетке салады. Беттегі массаның қалыңдығы 3-4 см. Массаның бетін тегістеп, үстін жұмыртқамен және қаймақ қоспасымен сылап, беті қызарғанша пісіреді. Дайын пісірмені суытып жекеленген үлестерге бөледі. Дастарқанға үстіне сары май құйып және жеке құйылған қаймақпен беріледі. Мұндай пісірмелерді күріш, тары және бидай жармаларынан дайындайды.