ЖАРҚЫЛДА

lat: JARQYLDA

ет. 1. Жарқ-жұрқ етіп, жарқырап көріну .

Қарашы, әне, «Шартастың» басы мұнар,

Жарқылдайды , жасылы, жасыны ма?

Әлде менің анамның алпыстағы,

Әлдеқалай оянған ашуы ма?! (1,276).

Соғылды дабыл! Тасырда-тұсыр айналам,

Тып-тыныш түнді мотордың үні жайлаған.

Аттар тұр әне ауыздықтарын шайнаған,

Жарқылдап қару ай сәулесімен ойнаған (3,23).


2. ауыс. Ашық-жарқын, көңілді жүру, жайтаңдау .

Қайтейін мінезіңді жарқылдаған ,

Жақсылық бір өзіңнен артылмаған.

Несіне көзді көріп көлгірсисің,

Жігітім, белгілі ғой артың маған?! (3,149).


Қызыл сапырып жатқан бір топ жастардың арасынан жарқылдап күліп жүрген баласын көрді (4,188).