ЖАРЫҚТЫҚ

lat: JARYQTYQ

зат. Біреудің жақсы қасиеттеріне риза болғанда, оған құрмет көрсетіле айтылатын сөз .

Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,

Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.

Жинап алып жүрер еді жарықтық ,

Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін (3,273).


Кіші бауырларым әлі мектеп қабырғасында еді, әжем жарықтықтың әбден күйі кетіп, шаңырақтың тіреуі жалғыз өзім болып қалдым (5,224).