ЖАРЫС

lat: JARYS

зат. Бәйге, бәсеке, сайыс .

Ойлаңдар, достар ! Өнерде « жарыс » болмайды!

Өресі жетпей, Күндестік қылған оңбайды.

Өнерің жетіп, Өсе алмай қалсаң, сол қайғы.

Күндес таласқан Өнерің өнер болмайды! (3,83).

Веронаның түбінде, естіп пе едің дабысын,

Көк шұға үшін қарманған жалаңаштар жарысын ?

Озғандай-ақ бұрылып ап, зытты менің танысым (5,74).