ЖАРЫС

lat: JARYS

ет. 1. Озып келу мақсатында атпен шабу, бәйгеге қатысу .

Жолаушы шықты Шибұттан, Бұлыңғыр оймен алысып.

Аязға аты шыныққан, Келеді жолмен жарысып (1,44).

Жарысар жерде жарысып ,

Жұртыңның қорғап намысын,

Халқыңмен бірге қауышып,

He жетсін өмір сүргенге!

Отыңды бірге жағысып (3,199).


2. Еңбек істеуге бәсекелесу, тай-таласу .

Салбыраған балағынан,

Сапырылып дән ұшпай.

Жатыр жадау дала мына,

Комбайндар жарыспай (3,26).

Бүкіл жерді мұхитымен, бәрімен,

Бүкіл көкті, көмкерілген сәнімен,

Әлем-жәлем құдайларға сый еткен,

Одашылмен жарыспаймын әлі мен (4,15).


3. ауыс. Қатарласып жүру, қабаттасу .

Сәби ем, шын қайғырып үлгермеген,

Жалаңаш-жабықтықты мін көрмеген.

Жарысып бірге жүрдім күндерменен,

Жайғасып бірге ұйықтадым түндерменен,

Сәби ем зор өмірден дым көрмеген (1,258).

Франциск ұшып жеткен-ді, аттанарда ажалға,

Жарыса келді, амал не, қара сайтан, тажал да:

«Бұл менікі, деді ол, жолама бұл адамға» (5,130).