ЖАСАР

lat: JASAR

ет. 1. Өңі жас болып көріну; ажарлану .

Ақын халық перзенті қашаннан да!

Халқыменен қартайған, жасарған да.

Болашағын халқымен қоса армандап,

Ақын туған дүние жасалғанда (3,32).

Жұмыр жер! Нелерді көрмедің,

Жұмыр жер! Нелерді білмедің?

Жұмыр жер! Бусанып өр демің

Бәрібір жасардың , гүлдедің! (1,97).


2. ауыс. Құлпыру, жаңару, гүлдену; түлеу .

Жасарып ылғи жан-жағым,

Тұратын еді көктем боп.

Жарқ етіп өткен арманым,

Өкпем жоқ саған, өкпем жоқ (2,190).