ЖАСҚА

lat: JASQA

ет. Біреуді бір нәрсемен қақпайлап, жасқандыру, тайсалдыру; қорғану, сақтану .

Кезіп біздер келеміз тасты өлкенің жан-жағын,

Жылға үстінде жойқын бу жосыла кеп парлады,

Жалаңдаған жалын өрттен жасқап , қорғап арнаны (5,70).

Көктің нұры біздің көзді жасқайды ,

Көктің жүзін тұман бүркей бастайды.

Еркелетіп, еміндіріп, жәбірлеп,

Табиғат бізді ермек етіп, тастайды (4,15).