ЖАСЫ

lat: JASY

ет. 1. Көзіне жас алу, көңілі босау, мұңаю, жабырқау .

Шешей қазір шаруа басыбайлы,

Әжем отыр тастап ап насыбайды.

Қайран қалам. Апыр-ау, неткен берік?!

Жалғыз ұлы өлсе де жасымайды (1, 263).

Бұлақ басына келіп, Жылап, жасыма ! дедік.

Үнсіз қайғырды байғұс,

Бізге асыла беріп (3,84).


2. Қайраты мұқалу, жігері құм болу, күйректікке салыну .

Әке, сенің жасыңнан асып барам.

Кезі-кезі келгенде тасып та алам, 

Кезі-кезі келгенде жасып қалам, 

Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң (3,119).

Пәлі, жаси қалғанын,

Сөйлейсің сен де, бәтшағар,

Қолынан келсе жауларың,

Жүрегіңе де дақ салар (2,306).