ЖАТ

lat: JAT

сын. 1 . Жау, дұшпан, қас .

Жатқа қимай жарты адым, сүйем жерді,

Талай көштер түйеге тиелген-ді.

Миың жетіп болмайды мұнша жерді,

Ата қазақ қалайша иемденді?! (2,346).

Маркс жырға Мавр болып еніпті,

(Кімдер қалай атаса да ерікті).

Мавр Фред! Екі есімді көрікті,

Жаттары емес, жақындары беріпті (2,38).


2 . Бөтен, бөгде; туыстық қатысы жоқ .

Өзім үшін өмірге келгенмін мен,

Хабар күтем келешек үмітімнен.

Мен де адам, менің де сезімім бар,

Жат алдында жабырқар қай жерім кем? (1,24).

Сұлулыққа сұқтанған жат көздерден,

Жалт еткен жанарыңды жасыра бер.

Панала, Қасыма кел, қасыма кел (3,17).

Мүлде бір жат ортаға душар болған жандаймын (4,54).


3 . Лайықсыз, сөлекет, өрескел (мінез).

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған,

Сондағы мен ерлігіме мақтанам.

Балғын ұрпақ, сенің болашағыңды,

Біле білсең, мына біздер сақтаған! (1,216).

Әскерге әке ұлын аттандырды,

Сәт сапар тіледі жұрт, мақтан қылды.

Ел ішіне сүйкімді, мақтаулы ұлды,

Жасама деп жат қылық сақтандырды (3,103).