lat: JAT / 196+305/
ет. 1 . Адамның, жан-жануарлардың бауырын жерге төсеп, бір қырымен қисайып демалуы .
Шаршасаң, жатып дамылда Кереуетіңнің үстіне.
Ауырсаң дағы ауырма.
Ойлайды, ойбай, ішті деп (2,161).
Айықтыра қоймады бекер үміт,
Жазылатын жайым жоқ жеке жүріп.
Төрт бүктеліп төсекте жатып қалдым,
Қаным менің қайтадан көтеріліп (3,227).
2 . Ұйықтауға әзірлену, ұйқыға кірісу .
Қажыдың, қарғам, басылар ма екен аптығың,
Қалжырама, ерте жат бүгін.
Көңіліңе алған түсіңе енсін шаттығың.
Ертерек қамдан, ертерек, қарғам, жат бүгін (1,169).
Ұйықтамайтын, Тек қана көз ілетін,
Көзін ілсе, ерімен кезігетін.
Әйелдігін ұмытып күні бойы,
Түнде ғана, Жатарда сезінетін (2,147).
3 . Белгілі бір жерде белгілі бір нәрсенің бар болуы .
Сықылықтап төменде бұлақ жатты ,
Тоқтата алмай күлкісін құлап қапты.
Билеп ала жөнеліп қарағайлар,
Түн үкісі қанатын бір-ақ қақты (2,338).
Жасылменен боянғандай,
Көркем бояу жан-жақты.
Таңғы ұйқыдан ояна алмай,
Талықсыған тау жатты (3,52).