ЖАЗУ

lat: JAZÝ

Жаз етістігінің қимыл атауы .

Қайдан білсін, жыр жазу қиындығын,

Соқыр жармақ екенін сиым бүгін.

Қайдан білсін келе алмай күйім бүгін,

Сансыратып кеткен құйын-күнім (2,227).


Сен сыйлаған асқар ойлар тұрғанда,

Арқау неге табылмасын жырларға?

Сенің ғажап ойларыңды жазуға ,

Көрінгеннің әлі келмес бұл маңда (4,25).