lat: JAZǴY
сын.
Жаз кезіндегі, жаздағы .
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкің сенің шашылған нұр, сезің кәусар, бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен!? (1,213).
Тамаша еді жазғы орман: Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда, Үйрек ұшып, қаз қонған (3,251).