ЖАЗДА

lat: JAZDA

к. ет.

Етістіктерге тіркесіп келіп, оған «сәл қалды», «шақ қалды» деген мән үстейтін көмекші етістік .

Жарқ етті алды көзімнің,

Өртене жаздап басылдым .

Отым ба әлде өзімнің !?

Оты ма әлде жасынның !? (2,18).

Өмір бер маған аздаған,

Бақыт бер маған аздаған!

Молынан ырыс беріп ең,

Өртеніп кете жаздағам (3,46).

Өлімнен қорқам, кете жаздаймын жынданып.

Өмір бар жерде өлім деген бір жүр қауіп.

Ажалды қойшы, байқатпай соғар ұрланып,

Алдына оның жүрміз ғой күнде мың барып (3,245).