ЖЕҢІЛ

lat: JEŃİL

1. сын . Салмағы аз; ауыр емес .

Темір қобдишасы мен жолға алған жеңіл чемоданын жол шетіне қойды да, біраз демалды (4,174).

Көшенің шаңын шаңына қосқан жеңіл машина жұлдыздай аққан бойда ,Зияштың ауласына келіп кірді (4,171).

2 . Оңай; қиын емес .

Біреулерге қиынның-қиыны, ауырдың-ауыры соғып жүрген жыр өнері Өтежанға мүлде жеңіл сияқты (4,313).

«Капитал» Мавр өмірі.

Ұлы жүрек азабы мен арманы...

Ащы тірлік ауыры мен жеңілі ,

Кейде жығып, кейде оны алдады (2,49).

3 . Көңілге ауыр тимейтін, зілсіз .

Мәселе қуаныштан ұранды, құрғақ пафосты, шынайы шын қайғы мен көлеңкесін түсіріп өткен жеңіл мұңнан беріле түңіліп, су аяғы құрдымға апарар сары уайымды ажырата білуде ғой (4,287).

Тек сол жеңіл мұңның торығудан-түңілуден, бір кітапта бірнеше қайталанбаудан ақынның сақ болғаны мақұл (4,288).

4 . Жылдам, тез . Зияш орнынан жеңіл тұрып есікті жапты да, Әшірді дастарқанға шақырып тұр (4,159).

Ол жеңіл жүгіріп келді де, бір кеңсеге ертіп барды (4,126).

Бурыл сулығын сүзіп, жеңіл келеді (4,195).