lat: JEŃİL
1 ет.. Соғыста жеңіліске ұшырау, тізе бүгу .
Тұрғызбастай тұмшалапты ажал дейтін зіл салмақ,
Өлі баурын ұзатып сап, тас түйіліп тұр солдат.
Фашистердің белгісі бар, аңыздаған танктер,
Кімдер жеңді, кім жеңілді , ал енді аңғар, танып көр (1,306).
Көмектеспей тұрғанда новарларға қардан шын;
Керегін жинап алсын да, күні бұрын қамдансын,
Сонда ғана жауынан жеңіліп, күйреп қалмау шын (5,133).
2 . Күресте қарсыласынан жеңіліс табу, ұтылу .
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Неге ақылды ақымақтан жеңілді ,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?
Содан сұра, содан сұра өмірді (2,212).
Ауырлықтың көтердің-ау көбін сен,
Сенен келіп қуат алдым жеңілсем .
Сен жер болдың, нөсер болып төгілсем,
Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем (3,87).
3 . Бір нәрсені мойынсыну, шарасыздық таныту .
Езілдім, Еріндім, Жеңілдім сенен мен.
Бар қаным – Ылғалым Төгілді денемнен (2,86).
Жеңілген, күйреген даңқты Лақтыр! Рингтен лақтыр! Ойлантқан, толғантқан халықты Бір ғана сұрақ тұр... (1,99).
Бану (күліп). Жеңілдім, әже жеңілдім (4,242).