ЖЕҢ

lat: JEŃ

зат. Киімнің иықтан қолдың басына дейінгі бөлігі .

Қарашаның қалықтап желіменен,

Қаздар кетті қоштасып көліменен.

Қайтқан құстың қария қанатына ,

Қарайды көзін сүртіп жеңіменен (1,179).

Қызын көтерген бойы

Сәлім балаларына байқатпай,

Сырт айнала беріп,

Жеңімен көзін бір-екі сүртіп алды (4,192).