ЖЕЛ

lat: JEL

1. ет.   Аттың (жылқының) жүрісі мен шабу аралығындағы текіректеген қатты жүрісі .

Шауып, кейде аяңдар,

Кейде желіп кетеді.

Із түспеген сүрлеу қар,

Күмістей жылт-жылт етеді (1,44).

Сөзіміз осы болды, үндемедің,

Шұбар ат желіп кетті: «Шүу!» деп едің.

Қайырымсыз кісіні алғаш көрдім,

Қайырымсыз қазақты білмеп едім (1,243).

2. ауыс. Аяғын ылдым-жылдым басу, тез-тез жүру (адам).

Жүгірмей, желмей , жортпай, жорғаламай,

Өрмелеп шығып келем жонға қарай,

Қыран болсам, қонбас па ем шыңға барып,

Дариға-ай, қанатымның болмағаны-ай! (1,304).

Мен бір бөкен, аулаққа желіп кеттім, Желіп кеттім, басымды ерікті еттім. Сен менің жырымды оқы, ұнамаса, Менің туған жеріме көміп кеткін! (3, 93).