ЖЕЛАТИН

lat: JELATIN

сүйек, тері және шеміршек қайнату арқылы алынған белоктық заттардың қоспасы. Желатин жылы суда жақсы ериді, ал салқындағанда қою дірілдек тәрізді қоспаға айналады. Тамақ өнеркәсібінде, фотоэмульсия жасауға, микробиологиада және ағаш желімі есебінде пайдаланылады. Желатин шеміршек пен сүйектің жабысқақ желімі, аспаздықта сілікпе, құйма, бламанже, желе жасау үшін қолданылады. Құрғақ күйінде мөлдір пластинкаларда немесе сусымалы түрде дайындалып сақталады.