ЖЕЛҚАЙЫҚ

lat: JELQAIYQ

зат. Желдің күшімен жүретін қайық, желкенді қайық .

Жоққа жүйрік жетпейді, Жеткізбейді!

Кім біледі, қу көңіл жоқты іздейді.

Жолын тауып, жолдастар, дариядан,

Желқайыққа мінгіз де, өткіз мейлі (2,373).

Келмес жерге кездейсоқта бекер аяқ басқасың,

Жеңілдеу бір желқайық тап, тыңдамаймын басқасын.

Басқа жерге мұнан аулақ апарсын да тастасын (5,18).