ЖЕНЬШЕНЬ

lat: JENSHEN

көп жылдық өсімдік. Бұл өсімдік Қиыр Шығыста, балқарағай орманында күн көзі түсе бермейтін қойнауларда өседі. Сабағы тік, биіктігі 30-80 см, тамыры толық, бұтақты болып келеді. Топталып өскен жапырақтар арасында қызыл гүл өсіп шығады. Осы гүлден ашық қызыл түсті жеміс пайда болады. Емге женьшень тамыры пайдаланылады. Тамырының салмағы 50-100 г-нан аспайды, ал көп жылдық тамырлардың салмағы 300-350 грамға дейін жетеді. Тамырының өзіндік иісі болады. Тамырында белокты заттар, панаксозид, панаквиллон гликозидтері, В витаминдері. сапониндер, аскорбин қышқылы, липидтер, темір, марганец, магний, т.б. бар. Женьшень тамырынан алынған тұнба шаршаған адамға күш береді, ауру адамның әл-ауқатын көтереді. Женьшень ұнтақ, экстракт, тұнба ретінде пайдаланылады.