lat: JERİ
ет. 1 . Төлінен енесінің безуі, емізбей қоюы .
Енесінен құлындар жеріген бе?!
Арылыпты бал сусын желіден де.
Қиқулаған тырнаның қанатында.
Жаз ілесіп барады керуенге (2,267).
2 . ауыс. Бір нәрседен жирену, қашу, жоламай қою .
Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде,
(Ақыл айтып кеттім-ау, желіктім бе?!)
Өлгендерді тірілтем деп ойлағай,
Денесінен жан ізде өліктің де (3,75).
Әйелдер-ай! Әйелдер-ай! Қандайсың?!
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.
Біреу жеріп тұрса дағы қалмайсың,
Біреу сүйіп тұрса дағы бармайсың.
Әйелдер-ай! Әйелдер-ай! Қандайсың?! (2,119).