lat: JERİK
зат. 1 . Екіқабат әйелдің астың белгілі бір түріне аңсары аууы, құмартуы .
– Демалсаң етті, нсіне сонша желіктің?
– Тентегім менің... түсінесің бе... жерікпін .
(Түсіне алмағам, жерікті қашан көріппін) (1,255).
2 . ауыс. Бір нәрсеге құмарлық, құштарлық .
Өзің жоқ қанық сырыма,
Өтермін жасып, бұғына.
Қашаннан жерік қара жер,
Жесірдің қайғы-мұңына (3,167).