ЖЕЗ

lat: JEZ

зат. 1. Сары түсті жұмсақтау металл .

Әзіліне әзіл соқ, жасырма сыр,

Ағайың сәл жымиып, шашын қасыр.

Алдыңда аға-жеңгең, жез самауыр,

Ал ауызғы бөлмеде асыр-тасыр (2,292).


2. сын. Жезден жасалған . Ал қайсыбір мазасыз түнде жылқы үрке қалса, жез қоңырау толассыз шырылдап беретін (4,269).


3. ауыс. Құнсыз, арзан .

Сәлем саған, қара көз,

Сен бір алтын, мен бір жез .

Қайырылмасаң өзің біл,

Қасіреттен шыққан сөз (1,55).