lat: JIİ
үст. 1 . Дүркін-дүркін, тез-тез .
Жас жүрек, асықпағын, жиі соқпа,
Өмірдің тайғағында тұрғам жоқ па?
Аңдаусыз аяғымды түртіп қалып,
Лаулаған өрт жалыны түсірме отқа (1,28).
Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде (3,112).
2 . Әрдайым, үнемі, үзбей .
Әйтеуір, шолақ Тоқберген,
Ақжанға жиі келетін.
Өсекті мұндай жоқ дер ме ең?
Сол үшін жұрт та сенетін (2,319).
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып құлын-тай қырында жүр.
Сүттен бұлақ ағызып сиырлы ауыл,
Іркіт иісі келеді мұрынға бір (3,217).