lat: JIEK
зат. 1 . Өзеннің, көлдің жағасы, жағалауы .
Шаттанам шыбығыңды сүйемін де,
Балқиды ішім емес, сүйегім де.
Есігін дүниенің ашқан едім
Кішкентай өзеніңнің жиегінде (1,58).
Мен сізді сыйлаймын да, сүйемін де,
Тумасам да Жайықтың жиегінде .
Бірдеңе бар, әйтеуір, бірдеңе бар,
Менің мына Махамбет сүйегімде (2,28).
2 . Бір нәрсенің (жолдың, батпақтың т.б.) шеті, шет жағы .
Қаржамылған кең дала,
Бетінен аяз сүйеді.
Селдір тартқан ши ғана,
Қатқыл жолдың жиегі (1,44).
Жылым тұрған сол қуысты орап өттік айналып,
Тартпа батпақ, жиегімен құрғақ жерді ойға алып,
Тұрды адамдар балдырменен кеңірдегі байланып (5,38).