lat: JOǴALÝ
Жоғал етістігінің қимыл атауы.
Ақсақал, көрдім дағы Оралымды,
Боларымды, білмедім жоғалуды !
Қонақүйден «хозяйка» айдап шықты,
Ішу түгіл, тышу да доғарылды.
Кімге барып білмеймін соғарымды,
Қайда барып білмеймін қонарымды (2,28).
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында,
Сап-сары жапырақтар жоғалуда ,
Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда (2,188).