ЖОҒАРЫ

lat: JOǴARY

үст. 1 . Биік; аласа емес .

Жорғалаған жандарды,

Жоғарыдан көргенде,

Талай рет таңданды,

Қапы қалған шерменде (1,220).

Көрінбейді жүзі оның,

Көрінбейді жанары.

Алайда ал қызыл кебіннен,

Көтерді қолын жоғары

Майысқан жалғыз саусағы (3,302).

2 . Өрге қарай; еңіске емес .

Тау бұлағы да ағады,

Ой бұлағы да ағады.

Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны.

Бірі жылжып барады,

Бірі мөңкіп барады,

Бәрісі де, не шара, аға алмайды жоғары (1,214).

Уақытты ұстап тұратын құдірет жоқ әлі,

Осылай күз кеп, осылай боран соғады.

Қарашы Күнге, әуелі өрлеп жоғары,

Құлдилап барып көзіңнен ғайып болады (2,31).

3 . ауыс. Артық, басым .

Маған соққан самал жел, басқаға да соғады,

Mаған келіп бақ қонса, басқаға да қонады,

Мендегі бар ұлылылқ, басқаларда болады,

Қандай ғана қақым бар, Тұрам деуге жоғары ?! (1,242).

Шыққан тегің?

Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Білімің ше?

Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын (3,235).