ЖОЙҚЫН

lat: JOIQYN

сын. Қырып-жойып кететін, алапат, сұрапыл .

Бұлшық етті білектер,

Еңбек сүйгіш жүректер.

Жойқын күш үдей түседі,

Шыққан сайын ашшы тер (1,7).

Жойқын соғыс бәрін де тонап алды,

Заманы алай-түлей бола қалды.

Аналар көйлек емес, шалбар киіп, шарт буынып, қолына орақ алды (2,335).