ЖОЛ

lat: JOL

зат . 1. Қағаздағы, дәптердегі жазылған сөздердің бір сызық бойында (қатарда) тұрғандары .

Хаттардың әрбір жолынан ,

Іздейді Ильич адамды.

Қаламы түспей қолынан,

Қарады, қайта қадалды (2,284).

Шумақ пен шумақ, жол мен жол бірігіп, бір механизм құрып, белгілі бір басқару жүйесіне бағындырылуымен де құнды (4,256).

2. Шөп шапқандағы шалғының бір жолғы алымы, бір рет шауып шыққан қатары .

Жол тартсаң, бәлем, шалғы алып,

Құлашыңды мол тастап.

Отырса қарттар таңданып,

Қыптары қанып қолпаштап (2,311).