ЖОТА

lat: JOTA

зат. 1 . Жалпақтау келген биік жері; дөң, дөңес .

Шаңдатып жота , қырларын

Жылқы ойнаса біріндеп.

Мен сүйемін тұрғанын

Жылқышының күлімдеп (1,73).

Именді ме иісін сезіп күдіктің,

Жытты, бәлем, шала қызу жігіт түн.

Қос өкпемді қабындырып, алқынып,

Мен де жеттім, жотаға да іліктім (1,173).

2 . Адамның арқасы, жоны .

Көкемді босат, аяқ пен қолын матама,

Көтеріп жүрем, көтеріп өтем жотама .

Басымды тігем.

Бармақтай менің сәбиім бүлдіре қоймас...

Бостандық берші ботама! (1,172).

Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған!

Қос бұрым-ай жотаңда бұлғақтаған!

Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау,

Жер иісі жұпардан қымбат маған! (2,26).