ЖҰМЫР

lat: JUMYR

сын. Жұмыртқа сияқты жұп-жұмыр, теп-тегіс.

Жанымда менің

Атылмай жатқан жасын бар.

Өзендер жатыр,

Мұршасы келмей тасуға.

Ғаламнан үлкен осынау жұмыр басымда,

Жеңісе алмай,

Зарядтар жалғасуда (2,80).

Ұлы достық, ұлы күш қолдасуда,

Ұлы дүбір ұран боп жолды асуда.

Біздің достық құрыш боп құйылуда,

Жұмыр білек жұмысшы домнасында (1,284).