lat: JUMYS /40/
зат. 1. Жеке адамның тұрақты түрде ететін еңбегі, істейтін қызметі.
Әкемді неге ұмытам кетпенімен,
Жалаңаяқ жұмысқа кеткенін мен.
Мен үшін, менің алғы күнім үшін
Өткен-ді талай азап өткелінен (1,58).
Күзгі түн.
Тұман, тыныш маң,
Айнала жым-жырт, тым-тырыс.
Күндізгі ауыр жұмыстан
Алған-ау ауыл бір тыныс (2,304).
2. Іс, шаруа, шара.
Айтуынша атаңның,
Күн де ұзарды нар адым.
Жұмысы көп қой апаңның,
Көмектес оған, қарағым (3,286).
Сол – менмін, шолып сендерді,
Жасырып жүзді сендерден,
Қалдырып көркем бейнені,
Жаса деп жанды, ірісін
Сендерден ғана салмақты ой,
Сарыла күту – жұмысым (3,292).