ЖҰПАР

lat: JUPAR

сын. Хош иісті, иісі аңқыған.

Сақта мені, салқын тау, жұпар далам?!

Улы тістер бар шығар мұқалмаған.

Екінші рет білмеймін не боларын,

Бірінші рет, әйтеуір, жұта алмаған (1,233).

Ауа, шіркін!

Не деген жұпар едің!

Жұта бергің келеді, жұта бергің.

Жалғыз-ақ осы ауамен қоректенсең,

Досым, сен бұл өмірден ұтар едің (1,275).