lat: JUT
ет. 1. Қымыз, сүт, су сияқты сусындарды сіміру.
Әкемізді сағынып,
Хабар күтіп майданнан.
Отырушы ек қамығып,
Бір-бір жұтып айраннан (2,365).
Көшпейсің бе, – деймін ғой,
Алматыға? Алматыға.
Жердің гүл жаннатына.
Алатаудың ауасын еркін жұтып,
Бұлбұл әнін тыңдайсың таңда тұра (2,296).
2. Ет сияқты жұмсақтау, шағындау асты тамақтан шайнамай өткізіп жіберу, қылғу.
Ет тастасаң бір кесек лақтырып,
Шайнамай-ақ жұтады бір-ақ қылғып.
Қанша әлсіздің мойнында қаны бар деп,
Мен ішімнен жыртқыштан сұрап тұрмын (3,280).
Тіршілікте тамақты кім жек көрген.
Қу тіршілік соныменен шектелген.
Қыбын тауып торғай жұтқан жыланды,
Ебін тауып құмырсқалар бөктерген (2,212).
3. ауыс. Жоқ қылу, құрту; жалмау, обу.
Шақар тірлік шанағынан шорт сынып,
Бір күрсініп аунап түсті ауыр күн.
О, нағылет! Неткен найсап жоқшылық!
Титтей ұлын жұтып қойды Маврдың (2,44).
Арада жүрген асылды,
Алды да ажал жасырды.
Опты да жұтты қара жер,
Атылған көктен жасынды (3,166).