ЖЫР

lat: JYR /378/

зат. Өлеңмен жазылған шығармалардың жалпы атауы; поэзия.

Бір жырым менің бір балам,

Мезгілсіз шала тумаған.

Мерзімі жеткен шағында,

Шығам деп сыртқа тулаған (3,70).

Жырым, сырым екеуі егіздерім,

Екеуін екі бөлек емізбедім.

Жатсам-тұрсам мұң шағып дәптеріме,

Жабырқаған жаныма ем іздедім (3,265).

//Сын есім мағынасында. Жүсіптің «Нұр жаусын саған» жыр жинағы ақынның бүкіл өмірін керек ететін үлкен бір істің беташары іспеттес (4,306). Өткен жылы шыққан жыр кітаптарының бетке ұстарының біріншісі осы (4,285).