lat: JYRTQYSH
зат. 1 . Арыстан, жолбарыс, қасқыр сияқты етпен қоректенетін азулы аң.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды,
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да сорлайды, тірі адамға сол қайғы! (3,279).
Ет тастасаң бір кесек лақтырып,
Шайнамай-ақ жұтады бір-ақ қылғап.
Қанша әлсіздің мойнында қаны бар деп,
Мен ішімнен жыртқыштан сұрап тұрмын (3,280).
2 . Бүркіт, қаршыға, қырғи сияқты алғыр құс .
Селк етіп бір теңселіп, тал қалатын,
Шиқылдап сорлы шымшық зар қағатын.
Ұшып бара жатып-ақ бір шоқып жеп,
Жыртқыштың тұяқтары қанданатын (3,279).
Кішісі не жыртқыштың, ірісі не,
Опа қылмас әлсізге бірісі де,
Ілуші едің іргеде балапанды,
О, кішкентай қанішер, тірісің бе?! (3,280).