ЖАЯУ

lat: Jaıaý

сын. 1. Астында мінген көлігі жоқ; көліксіз, атсыз .

Күйіп-пысып шопыр жүр шыр айналып,

Жол шетінде бастығы тұр ойланып.

Тағат қылмай аулыма жаяу тарттым,

Машина да, бастық та былай қалып (2,121).

Алтын теріп әр түйір тастарыңнан,

Бақыт таптым бауырыңнан, асқарыңнан.

Айхай, далам, сусындат дастаныңнан!

Жаяу кезсек ғұмырым жетпейді екен,

Құс боп ұшып өтейін аспаныңнан (2,342).


2. зат. Жаяу жүрген адам, көліксіз кісі .

Омыраулата осқыртып Көктеңбілін,

Артымыздан саңқ етті өктем бір үн:

«Ей, шірік! Қай жеті атаң көріп еді,

Аттыны жаяу қуып жеткендігін?!» (1,259).


Кең көшенің шетінде,

Жолы міне, жаяудың .

Сол біреуге жетуге,

Енді ғана таяндым (3,238).