Жағына пышақ жанығандай

lat: Jaǵyna pyshaq janyǵyndaı.

Қырып алар еті жоқ, тым арық, жүдеу.

Тани кетті Ақбілек: етегін кірмен зерлеген, төбесін үкі сәндеген басында найза ақ тақия, қолында шәңгіші асасы, асасының өн бойы шығыршық, кепшік, сылдырмақ, ұшы қозы жауырын, мойнында хұсыр тасбысы, танауы таңқиған, омырауы аңқиған, кеңірдегі сорайған, жіліншігі сидиған, саусақтары сыпсиған, үркек малша оқшиған, бес тал сақалы шоқшиған, шынжау етті, шың бетті, жағына пышақ жанитын, бір көргеннен танитын Іскендір екен кәдімгі (Ж.Аймауытов, Шығ.).