lat: Jasy
зат. көне. Шыңғыс хан əскерінің арасындағы тəртіп туралы оның өзі қалыптастырған ереже, заң.
Шыңғыс хан дүние салғанына қырық жылға таяп қалғанымен оның мұрагер балалары, немерелері əйгілі «Дүние əкесінің» тəртіп жасысында жазылған əмірлерін бұлжытпай орындап келген (І. Есенберлин, Алтын орда, 1, 69). Шыңғыс ханның жасысы жəне жарлығы бойынша егер ұлы хан тұқымынан біреу қылмыс не күнə істейтін болса, оны бүкіл Шыңғыс ұрпағы боп қарап, үкім шығаруға тиісті болатын (Бұл да, 1, 99).