Желдің өті

lat: Jeldiń óti.

Желдің ызғарлы дәл беті; тұсы.

«Ақиық» аталатын тау бүркіттері, жұмыртқасын аңғарлы қардың үстіне, желдің өтіне салады дейді (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).

Малшыларға амандаспай өтуге болмайды. Олар жердің шетінде, желдің өтінде жүр (С.Мәуленов, Жұлдыз.).

Бірде баяу, бірде екпінді суық желдің өтіне бетін беріп асықпай кетіп барады (Ә.Тарази, Құйрықты жұлдыз).