Желкемнің шұңқыры көрсін

lat: Jelkemniń shuńqyry kórsin

Көрсетпесін, көргім келмейді деген мағынада.

Ол үйге бармаймын! Мәңкештің үйін желкемнің шұңқыры көрсін (А.Нұрманов, Қыраным.).

Долдаш: «Қоңырбай бұлағын желкемнің шұңқыры көрсін» (З.Жакенов, Күн көтеріліп келеді.).

Орысқа берер қызым жоқ, енді сені желкемнің шұңқыры көрсін, шығып тұр үйімнен (М.Сатыбалдиев, Жартастағы жазулар.).

Бригадирлігін желкемнің шұңқыры көрсін(С.Мұратбеков, Жабайы алма.).