lat: Jer serigi [jerdiń jasandy serigi].
Космос кеңістігін зерттеу мақсатымен жасалған жасанды планета, спутник.
– Сен әлгі ағып өткенді байқадың ба?
Ол самолет емес, жер серігі, – деді капитан (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).
Сонау жер серігінен бастап, ғарышқа сапар шеккен космос кемелері ғылым жетістіктерінің айғағы («Білім және еңбек»).
Жер серігі секілді
Көтерілген космосқа,
Келдім жырмен серпінді
Ұқсап ұшқан мен құсқа (Т.Жароков, Шығ.).