Жезінек

lat: Jezinek

зат. көне. Омырауына шынжырмен асып жүретін, жезден жасалған болыстық (əкімдік) белгі.

Жарлы-жақыбай момын шаруаларды торы аттың омырауымен қақтырып, омырауындағы шынжырлы сары жезінекті көрсетіп: - Мынаның сендік қауқары бар, - деп талай күш айтып тұрғанын көргемін (Ж. Тілепбергенов, Ізбасар, 126).