Жұқпалы ауру

lat: Juqpaly aýrý.

м е д. Микробтар арқылы таралатын ауру.

XX ғасырдың соңғы ширегінде адам өміріне аса қатерлі СПИД жұқпалы ауруының алдын алу өткір проблемаға айналып отыр («Денсаулық»).

Малшылыққа деген тағы бір соққы көктем мен жазда үнемі қайталап тұратын: аусыл, топалаң, жамандат, қарасан, ақшелек, маңқа, қотыр және басқа жұқпалы аурулар болды (М.Елеусізов, Шоқан Уөлиханов.).