шағын кесек немесе плитка тәріздес тәтті кондитерлік өнім. Кәмпиттер түрлі-түсті пішінді, дәмі әр түрлі, құрамында 60-75% қанты бар, көбіне жұмсақ болып келетін кондитерлік өнім. Кәмпиттер өндіру технологиясы және сыртқы пішіндеріне қарай екі топқа бөлінеді: глазурленген және глазурленбеген. Глазурлеу үшін шоколад, май, т.б. қолданылады. Иристер, помадалы кәмпиттердің сырты глазурленбей шығарылады.