КӨКЕ

lat: KÓKE

зат. 1 . Әкесінің ағасы не інісі балаға көке болады (туыстықты білдіретін сөз) .

Айтсаңшы, көке-ау , қай маңда,

Орны менің үйімнің?

Қанып ең талай айранға,

Қолынан әжем Тиынның.

Орны қайда үйімнің? (3,57).

2 . Әкесін құрметтеу мағынасында қолданылатын сөз .

«Кебін киген өледі,Кебенек киген келеді»

- Майданға көкең кеткенде,

Осылай бәрі деп еді (2,145).

Бөпем де бөпем, бөпем-ау, не жазды сенің көкең-ау ?!

Халықтың кейде алғысы

Қарғыстан бетер екен-ау! (2,146).