lat: KÓLİK /25/
зат. 1 . Жол қатынасына, әртүрлі жұмысқа пайдаланылатын мал .
Иесіз дала. Аңызақ, Арық көлік .
Бар қуатты бойдағы алып беріп,
Түрендейміз соқамен ескі аңызды,
Арықтармен қыбырлап барып келіп (1,261).
Түнделетеміз деп, суыққа ұрынасыңдар.
Көліктеріңді қажытып ап жүрмеңдер (4,195).
2 . Қазіргі заманғы негізгі қатынас құралы; машина .
Маған олар үлкен жолдың үстінде екеуден-екеу, зарыға көлік күтіп отырған, қажыған жолаушылардай болады да тұрады (4,234).