КӨМЕК

lat: KÓMEK

зат. Жәрдем, қолғабыс .

Қорғансыз, әлсіз, Қорексіз, нәрсіз,

Секілді шыбық жалғыз тал.

Көмегің болсын,

Сағынған досым,

Мен ғаріпті есіңе ал! (1,54).

Атақтан да қашпайық, даңқтан да,

Бірақ құдай бізді оған жарытқан ба?!

Кімдер көмек болады ғаріптерге.

Даңқтылар әкесін танытқанда (2,151).