lat: KÓNE
сын. 1 . Тозығы жеткен, ескі .
Үңгірінің құлдардың,
Ұйқы басқан көне індерден, атыла шықты, жатпады (3,301).
Мінгеніміз сол екен, көне қайық заулады,
Шапшыған су қақ тілінген қауындайын аунады,
Ешкімдер де, сірә, осылай еркін жүзе алмады (5,39).
2 . Бұрынғы, байырғы, ежелгі .
Сені де жұтқан көне жер,
Сан рет әлі көгерер.
Салтанатқа әлі бөленер,
Бірақ та маған не берер? (3,167).
Қайғылар...
Кез болса қоғамы теңселер,
Заман да қайғырар.
Арманы, үміті өлсе егер,
Адамда қайғы бар.
Қайғылар – көне жау,
(Адамның қайғысы бөлек-ау!..)
Адамдар қайғырмау керек-ау (2,52).
3 . ауыс. Көпті көрген, тәжірибелі .
Ғайып болды ол, санам әлі қорқынышты сақтады,
Көпті көрген көне ақынға үрей қысып аттадым.
Бұлдыр жауап бұралаңын іздеп, содан тапқалы (5,51).